Денсаулық – байлық кепілі
Бесқарағай аудандық орталық ауруханасында 2017 жылғы 29 қараша күні « Денсаулық – байлық кепілі » атты ашық есік күні ұйымдастырылды.
Тексеруде 140 адам қамтылды, оның ішінде: 39 бала, 25 жасөспірім, 45 әйел, 31 ер адам аудандық орталық аурухана мамандарының (ЛОР, көз дәрігері, невропатолог, терапевт, гинеколог, онколог, дерматолог) қабылдауында болды.
Тұрғындар аурухананың үздік дәрігерлерінен тегін кеңес алып, денсаулықтарын тексертті және қажетті тағайындауларды алды.
Негізгі мақсат – әлеуметтік маңызы бар ең көп кездесетін ауруларға назар аудару. Салауатты өмір салты туралы ақпарат берілді, ал қажет болған жағдайда маман дәрігерлерге диагнозды түсіндіру бойынша ұсынымдар берілді.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабеті, онкологиялық аурулардың алдын алу, және т.б. шаралар туралы буклеттер мен парақтар таратылды.
Бас дәрігердің орынбасары А. Ербосынов
Орынд. Жанаева А.
Тел. 91608