Мақсат пен міндеттері
«Бесқарағай ауданы тұрғындарының денсаулығын жақсарту» арналған дамыту жоспары
- Бастапқы медициналық санитарлық көмекті алдын алу бағытына ерекше көңіл бөлу арқылы әрі қарай жетілдіру
- Бастапқы медико – санитарлық көмек шығындарының деңгейін өсіру
- Кешенді адам басына шаққандағы нормативті және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің порталдарын енгізу
- Тұрғындарға көрсетілетін кеңестік – диагностикалық көмектің қол жетімділігін және ашықтығын жақсарту
- «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық сақтаудағы Бірыңғай ақпараттық жүйені әрі қарай дамыту
- Аудандағы медицина мекемелерінің материалды – техникалық базаларын жақсарту
- Ауылға келген жас мамандардың, әлеуметтік пакеттермен (тұрғын үймен) қамтылғандарының салыстырмалы салмағын арттыру
- БМСК мамандарының жалпы санынан, жалпы тәжірибе дәрігерлерінің салыстырмалы салмағын арттыру
- Скринингтік тексерулермен тұрғындардың жалпы санынан 30 пайыздан кем емес бөлігін қамту
- Тегін дәрі – дәрмектермен қамтамасыз етілген, әлеуметтік маңызды аурушаңдықтармен ауыратын науқастардың салыстырмалы салмағын арттыру
- Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі бойынша емделуге жатқызудың шекті көлемін жыл сайын төмендету
- БМСК жұмыс уақытында жедел – жәрдем көмегін шақыртулар санын төмендету
- Ана өлімінің 0 көрсеткіште тұрақты ұстау
- Сәби өлім – жітімін төмендету (1000 тірі туылғанға шаққандағы жағдай)
- Бала өлім – жітімін азайту және тұрақтандыру (0 ден 5 жасқа дейінгі 1000 тірі туылғанға шақанда)
- 100 мың тұрғынға шаққанда қан айналым жүйелері аурушаңдықтарынан өлім – жітімді төмендету
- Онкологиялық аурушаңдықтар көрсеткіштерін төмендету
- 100 мың тұрғынға шаққанда онкологиялық аурушаңдықтардан өлім – жітімді төмендету
- Сүт безі ісігін ерте кезеңде анықтауды арттыру
- Туберкулезбен бастапқы аурушаңдық көрсеткішін төмендету
- 100 мың тұрғынға шаққандағы туберкулезден өлім – жітімнің 0 көрсеткішін тұрақтандыру
- Аудан тұрғындарын 100 пайыз жылжымалы флюоротексерумен қамтамасыз ету

Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы
Медициналық сақтандыру қоры
Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы "Aqniet"
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі