Жылжымалы медициналық кешен
Абай облысы ШЖҚ КМК "Бесқарағай аудандық аурухана" базасында көктемгі-жазғы кезеңде жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету жөніндегі ЖМК негізгі міндеттері:
- жергілікті жерлерде нысаналы топтарды қарауға көмектесу;
- диспансерлеуге жататын аурудың созылмалы нысаны бар адамдарды тексеру;
- профильді мамандардың жоспарлы консультациялық көмегі
- диагностикалық және зертханалық зерттеулер
- салауатты өмір салтын насихаттау.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 08 желтоқсандағы № 241/2020 бұйрығына сәйкес, «Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық поездар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ДСҰ Абай ауданы Бесқарағай аудандық ауруханасы базасында мынадай қызмет түрлері көрсетіледі:
1. Ашып жазылған 12 бөліктегі электрокардиографиялық зерттеу
2. Қалқанша бездің УДЗ, құрсақ қуысы мен бүйректің УДЗ
3. Флюорография
4. Зертханалық зерттеу
Мамандар кеңесі:
1. Терапевт
2. Хирург
3. Офтальмолог
4. Радиолог дәрігері
5. Психолог
6. Флюорография рентген зертханашысы
7. Фельдшер-зертханашысы
8. Акушерка
9. Педиатр
10. Аға медбике
Шығу кестесіне сәйкес 12.04.2023ж. жылжымалы медициналық кешен Қарағайлы ауылы мен Башкул ауылына жүзеге асырылды.




Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы
Медициналық сақтандыру қоры
Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы "Aqniet"
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі